Өскемендік тұрғыннан қару тәркіленді

486
көрілім
Шартты фотосурет

Қала тұрғынынан «Қару» жедел-алдын алу шарасы кезінде атыс қаруы табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Маусым айының 5-і күні құқық қорғау қызметкерлері атыс қаруына ұқсас зат табылған 29 жастағы ер адамды құрықтады, – дейді қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметіндегілер. – Жүргізілген талдауға сәйкес табылған 16-калибрлі қосауыз атыс қаруына жатқызылды. Кейін сериялық нөмірі механикалық тәсілмен алынып тасталды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 287-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.