Өскемендіктер Абай әлеміне саяхат жасады

435
көрілім

10 тамыз – Абай күні. Осыған орай Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Абайдың болмысын, табиғатын және Абай әлемін ашатын «Бала Абайдан – дана Абайға» дейін ...» атты мерекелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осылайша ұлы данышпанның даналық тағылымы Алаш баласының ғана емес, адамзат ақыл-ойының темірқазығына айналды.
Мерекелік шараның шымылдығы  «Әдеби дастархан» атты  дәстүрлі кітап көрмесімен түрілді. Қонақтар Абай мұраларынан сыр шертетін көрмеге ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған зерттеулермен және ақын туралы көркем әдебиеттермен танысты.


Шара барысында көрерменге «Оралхан Бөкейдің әдеби залында»  Абай Құнанбайұлы туралы 1945 жылы тұңғыш рет түсірілген «Абай әндері» атты көркем фильм ұсынылды.
- Бұл фильмды бұрын көрген жоқпын, енді ғана көріп тұрмын. Маған ерекше ұнады. Фильмде Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы көрсетілді. Сонымен бірге VR  көзілдірігі арқылы саяхат жасадым, - дейді жас оқырманымыз Айдана Асылқызы.