Өскеменге 30 жаңа шағын автобус пен 51 автобус сатып алынады

253
көрілім
Фотосуреттер қала әкімінің жеке парақшасынан

Қоғамдық көліктер маусым және қазан айларында жеткізіледі деп күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қалалық тасымалдаушылар биыл тағы 51 автобусты жаңартуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, мамыр айында 30 шағын автобус сатып алынып, қолданысқа беріледі. Қала әкімдігінің мәліметінше, олардың маршруттар бойынша қалай бөлінетіні анықталып қойған:

№ 228 «Славский жағалауы – Тубдиспансер» – 5 көлік;
№ 224 «Өскемен вокзалы – «Ривьера» тұрғын үй кешені – 2 көлік;
№ 229 «Тальниковая – Геологическая» – 5 көлік;
№ 256 «Өзен вокзалы – Нұрлы көш» – 6 көлік;
№ 261 «Технодом – Жастар көшесі» – 7 көлік;
№ 250 «Кемежай - Подгорное» - 5 көлік.

Қымбат МУХАМАДИЕВА