Отандық өнімді қолданбақ

279
көрілім

Өңірдегі тауар өндірушілер мердігерлерді отандық өнімдерді қолдануға міндеттеу керектігін айтады, деп хабарлайды газет тілшісі ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Тапсырыс берушілер мен мердігерлердің барлығы өңірімізде өндірілетін құрылыс материалдары жайлы біледі деп айта алмаймын. Оның үстіне көптеген өндірушілер мердігерлермен тікелей жұмыс істеп көптеген қателіктер жібереді. Шындығына келсек, мердігер дегеніміз тек тапсырыс берушінің жобасын жүзеге асырушы ғана. Егер жобалаушы отандық өнімдер жайлы білмесе, ол бірнеше жерден жақсы болса да оны ешкім қолданбайды, - деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Өскемен қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Дидар Кеңесбаев шетелдік материалдарды толықтай сатылымнан алу үшін қатаң шаралар қолданып, мердігерлерге отандық өнімдерді қолдануды ресми түрде міндеттеу керектігін айтады.

Ерлен ОСМАНОВ