Павел Колмаков Әлем кубогінде күміс медаль иеленді

123
көрілім
Фотосурет ҚР ҰОК

Фристайл могулдан мықтылар қатарына қосылып үлгерген өскемендік спортшы Алматы төрінде жоғары нәтиже тіркеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Колмаковқа құрлық көлемінде де, одан ірі додаларда да қарсылас жетерлік. Икума Хоришимадан бастап, Мэтт Грэмм, Микаэль Кингсберри. Дегенмен жерлесіміз жекелей сында жүлдеге ілікпей, параллельді могулда тұғыр сатысынан көрінді.
ҚР ҰОК мәліметінше, жартылай финалда Колмаков финляндиялық Сивери Виерелладан басым түсті. Ал шешуші сында танымал спортшы, канадалық Микаэль Кингсберимен кездескен болатын.
Үлкен финалда Колмаков Кингсбериге есе жіберіп, өз жерімізде өткен ауқымды аламанның күміс жүлдесіне иеленді.