Президент Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салуға қаржы бөлуді тапсырды

343
көрілім

Мемлекет басшысы Үкіметке Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Egemen Qazaqstan» газеті ШҚО Күршім ауданының 20 мыңнан астам тұрғынын толғандырған өзекті мәселені көтерді. Халық 50 жыл бұрын салынған ескі пароммен қатынап жүр. Үкіметке ШҚО әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырамын», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, «Egemen Qazaqstan» газеті Өскемен мен өңірдің бүкіл қала-аудандарын жалғайтын, стратегиялық маңызы зор Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін «Қызыл ту» өткелі жұртты әбден әуре-сарсаңға салғанын жазған болатын.