Риддер қаласында көлік ұрлаған күдікті қолға түсті

320
көрілім

19 қаңтар күні Риддер қаласында көлік ұрлаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Риддер қаласының 41 жастағы тұрғыны таңертеңгі сағат 7.00 шамасында ауладағы автотұрақтан құны 2 миллион теңгені құрайтын «Toyota Mark II» маркалы көлігін таппаған. Ол бірден Полиция қызметкерлеріне хабар береді.

Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында 37 жастағы жұмыссыз ер адамды құрықтады.

Автокөлік уақытша арнайы тұраққа қойылған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 200 бабы, 1 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.