Риддер қаласының әкімі қайтыс болды

627
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Риддер қаласының басшысы Дмитрий Горьковойдың өмірден озғаны туралы мәліметті әкімдіктегілер растады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қала әкімінің өмірден өткені туралы бейресми ақпарат таңертең әлеуметтік желілерде таралып, түс ауа расталды.
Дмитрий Горьковой 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында туған.
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша және Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қаржы полициясы бөлімінде бастаған.
2020 жылдың 3 қыркүйегінен бері Риддер әкімі қызметін атқарды.