Риддерде «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» онкүндігі аясында ашық есік күні өтті

440
көрілім

Риддер қаласындағы тілдерді оқыту орталығында «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» онкүндігі аясында ашық есік күні өтті. Онкүндіктің бұл түрі текке таңдалған жоқ. Бұл күні орталыққа 40-тан астам адам келіп, мемлекеттік қана емес басқа тілдерді де меңгеруге қатысты. Орталықтың жұмысын көріп, мұғалімдермен, оқу әдістерімен танысуға да керемет мүмкіндік алды, деп хабарлады Buqara.kz тілшісі.

Орталық директоры Құралай Садықова келушілерге тілдерді оқыту орталығының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Түрлі байқаулар, шеберлік сағаттары да өткізіліп жатқан жұмыстар туралы және бұл тілдің ортаға толығымен енуіне мүмкіндік беретінін де баса айтып өтті. Шағын топтар мен жеке оқыту сөйлеу дағдыларын тез игеруге мүмкіндік береді.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі, сонымен қатар бүкіл еліміздегі қоғамдық қатынастардың барлық саласында әрекет ететін тіл. Көптілділік - заман талабы және біздің қоғамның бәсекеге қабілеттілігінің қажетті шарттарының бірі. Бүгінгі таңда бірнеше тілдерді білу тек шетелдіктердің ғана емес, қазақстандық жұмыс берушілердің де міндетті талабына айналып отыр. Шет тілін жетік білу - кәсібилікпен қатар лайықты жұмысқа орналасып, жоғары мансап құруға мүмкіндік береді.