Салық сомасын білгіңіз келсе…

380
көрілім

Көлік салығы қанша екенін eGov.kz порталынан көріп, төлеуге болады. Арнайы сервис салық төлеу органы мен сомасы туралы автоматты түрде хабардар ету мақсатында әзірленген.

– ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер қорын интеграциялау есебінен салық төлеушіге әрбір көліктің салық төлеу сомасын бөлек есептеудің қажеті жоқ. Жалпы сомасы сервисте көрсетіледі және оны төлеу үшін барлық қажетті деректер көрсетіледі, – деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ