Салықтық амнистия жүргізілмек

271
көрілім

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізіледі, деп хабарлайды газет тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылдың басынан бастап шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия қалай жүргізілетінін түсіндірді.

– Амнистия тек қана шағын және орта бизнеске қатысты. Ол осы жылдың 1 қазанында қалыптасқан берешектері бойынша жүргізіледі. Қазіргі таңда біз тиісті заңнамаға өзгерістерді енгізу жайын қарастырып жатырмыз. Берешектерді алып тастау 2019 жылдың басынан 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Яғни шағын және орта бизнес өкілдері өзінің берешегін төлейтін болса, біз оның үстіне қосылған барлық айыппұлды кешіреміз, – деді министр.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ