Себебі неде?

450
көрілім

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Риддер қаласы тұрғындарының сусыз қалуына қатысты түсініктеме берді.

– Риддер қаласындағы бірқатар абоненттерге су жеткізу жүйесінде ақау туындады. Ауа температурасының төмен болуы ұзындығы 3 км асатын су жүргізу жүйесі арнасында қабыршақ мұздардың түзілуіне алып келді. Қазір арнаны ашу және тазалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Риддердегі жерасты су көздері жүйесінің қысымы көпқабатты үйлерге су жеткізуге жеткіліксіз болып отыр. Қазіргі уақытта суық сусыз қалған абоненттер саны көпқабатты үйлерде 1 700 және жеке секторда 900-ды құрайды. Алдағы екі күн ішінде жергілікті атқарушы биліктің күшімен жүргізілетін жұмыстар бұл жағдайды ретке келтіреді деп сенемін, – деді Юрий Ильин.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ