Семей автобустарындағы жолаушылар саны екі есеге азайған

371
көрілім
Шартты фотосурет

Семей қаласындағы қоғамдық көліктер әр рейс сайын дезинфекциялануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әр рейстен соң жолаушылар ұстап тұратын тұтқалар, орындықтар, есік пен терезелер және валидаторлар хлор ерітіндісі бар қоспамен залалсыздандыруда. Бұл туралы «Semey Bus» ЖШС директорының орынбасары Әсет Қалиғожин мәлім етті.

- Күн сайын желіге шығар алдында жүргізушілер мен кондукторларға маскалар, қолғаптар және жұғыш құралдар беріледі. Дезинфекциялау тек жолға шығар алдында ғана емес, автобус соңғы аялдамаға келгенде, яғни әр айналымнан кейін жүргізіліп отырады, - деді ол.

Төтенше жағдай режиміне байланысты Семейдегі қоғамдық көліктерде жолаушылар саны екі есеге азайып кеткен. Осыған орай, автобустар қозғалысы демалыс күндеріндегі кесте бойынша жүруде.

Айта кетейік, күн сайын желіде 180-ге жуық автобус жұмыс істейді.