Семей қаласында адамдардың атына заңсыз несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

347
көрілім

19, 20 қазан күндері Әуезов полиция бөліміне бірнеше тұрғын қоңырау шалып, алаяққа қатысты қылмыстық іс қозғауларын сұраған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өзін «Әділет» деп таныстырған ол адамдардың сеніміне кірген. Сөйтіп барлық жеке ақпараттар мен банк карталарының нөмірін білген соң, шағын несие ұйымдарынан жәбірленушілердің атына ақшалай несие рәсімдеген.

Тәртіп сақшыларының жедел алдын алу шаралары барысында 27 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Ол бұған дейін де істі болған. Тергеу кезінде 6 қылмыстық эпизодқа қатысы бары белгілі болып, есептелген жалпы шығын көлемі 600 мың теңгеден асты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.