Семей қаласында қалта ұрылары ұсталды

392
көрілім

Жоспарлы шараның мақсаты - ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктар ұрлығы фактілерін анықтау және болдырмау. Семей қаласы тәртіп сақшылары осындай жедел алдын алу шаралары кезінде қалта ұрыларын құрықтады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жедел іздестіру шаралары барысында телефон ұрлау күдігімен екі қала тұрғыны изоляторға қамалған. Олар қалта ұрлығымен айналысқан істері бойынша бұрын да сотты болған.

- Тергеу амалдары бойынша бірнеше ер адам ұқсас қылмыспен қалта ұрысы ретінде арнайы есепте тұрғандығы белгілі болды. Олардың тұрғылықты жайларына тексеріс жүргізіліп, бұрын ашылмаған 14 қылмыс анықталды. Мұны табылған заттай айғақтар дәлелдеп отыр, - деп хабарлайды Семей қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Оған қоса, жедел іздестіру шаралары кезінде телефондарды жөндеуге қабылдау және сатумен айналысатын 6 дүңгіршікке тексеру жүргізілген. Нәтижесінде қылмыстық есепте тіркелген мыңнан аса телефон тәркіленген.