Семей қаласында спорттық киім ұрламақ болған жігітке сот ісі қозғалды

373
көрілім

Семей қаласының тәртіп сақшыларына 29 жастағы дүкен сатушысы шағымданып, дүкені тоналғанын айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға түскі сағат 14.00-де орын алды. Белгісіз ер адам дүкен сөресіндегі бағасы 7500 теңге тұратын спорттық киімді ұрлап кеткен.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында 37 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін тұрғын ұсталды. Күдікті барлық кінәсін толық мойындаған. Бұрын да істі болған жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.