Семей қаласының Полиция қызметкерлері ірі көлемдегі ұрлықты ашты

377
көрілім

Семей қалалық Полиция басқармасының Затон полиция бөлімінің қызметкерлері ірі көлемдегі ұрлықты ашты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Осы жылдың 3 ақпан күні түнде кеме жасау аймағында белгісіз біреу BTK 616 маркалы су кемесінің терезесін сындырып кіріп, әрқайсысының құны 240 000 теңге тұратын қоладан жасалған 4 клапанды ұрлап кеткен. Осылайша 960 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірді.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Затон полиция бөлімінің қызметкерлері 26 жастағы Семей қаласының тұрғынын қолға түсірді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-баба 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай айғақтар табылып, сотқа жіберілді.