Семей қаласының тұрғыны әріптесінің көлігін ұрлап кеткен

496
көрілім

Семей қалалық Полиция басқармасына қоңырау шалған 52 жастағы қала тұрғыны көлігі ұрланғанын айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


«Лада Приора» маркалы көлік иесінің сөзінше, темір тұлпар Карьерная көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында тұрақта тұрған. Есігі ашық қалған көліктің кілті де қосулы болған сәтті пайдаланған ұры дереу оталдырып, ізін суытқан.
– Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 38 жастағы жәбірленушінің әріптесін қолға түсірген. Айыпталушының айтуынша, көлікті жай ғана жүргізіп қайта орнына қоймақ болған. Ұрланған мүлік еш зақымсыз иесіне қайтарылды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.