Семей маңындағы орман өртінің аумағы 300 гектарға жетті

558
көрілім
Фотосуреттер - ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

– Қазіргі уақытта нақты өрт ошағы байқалмайды, – деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. – Дегенмен орманшылар мен өрт сөндірушілер шала тұтанған от көздерін жоюмен айналысуда. Сондай-ақ аталған учаскеде қуатты техника мен водовоздар, тракторға қоса әуе транспорты және қолдан өрт сөндіргіш құралдары іске қосылған. Өрттің жайылып кету қаупі жоқ.

Жағдайды тікұшақпен бақылағаннан кейін өрттің жалпы аумағы мөлшермен 300 гектарды құрайтыны анықталды.