Семей тұрғыны 29 бас жылқы ұрлаған

318
көрілім
Сурет ШҚО ПД


Мамыр айының 16-сы күні мал ұрлығы бойынша екі жыл жауапкершіліктен жалтарған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұсынған мәліметке сүйенсек, жылқы ұрлаған 58 жастағы Семей тұрғыны болып шықты.

– Күдікті 2019 жылдың қараша айында Семей маңындағы  шаруа қожалығының иесіне тиесілі 29 бас жылқыны ұрлаған. Келтірілген шығын мөлшері  8 100 000 теңгені құрады, – дейді Қылмыстық полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиев.
Қабылданған шаралар нәтижесінде іздеуде жүрген адам қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.