Семейде ер адам суға батып кетті

16473
көрілім
Сурет ШҚО ТЖД

Семейде 1985 жылы туған ер адам  Ертіс өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдай департаментіндегілердің мәліметінше, оқиға маусымның 20-сы күні болған. Құтқару жасағының күшімен жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп, бір күннен кейін марқұмның денесі өзеннің бес метр тереңдігінен табылды. Құтқарушылар сөзінше, су қоймасы маңында терең шұңқырлар жиі кездесетіндіктен, ер адам қауіпсіздік шараларын ескермеген болып шықты.
ТЖ қызметкерлері аталған аумақтарда полициямен бірлесіп тұрақты түрде  рейдтер жүргізіп тұрады. Ащы суға тойып алып, суға шомылғандарға қатысты ҚР Кодексінің 364-бабы және 440-бабының 3-бөлігіне сәйкес суға шомылу қағидаларын бұзғаны үшін барлығы он хаттама толтырылды.
Департамент өкілдері тұрғындардан суға шомылғанда өмірлеріне немқұрайлы қарамай, қауіпсіздік ережелерін ұстануды ескертеді. Төтенше жағдай орын алса 112 нөміріне хабарласуға болады.