Семейде әйел адам зайыбының есірткі затын сақтап жүргендігін полицияға хабарлаған

636
көрілім

Семей қаласында әйел адам полицияға қоңырау шалып, ерінің есірткі затын сақтап жүргендігін айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Әйел адамның қоңырауынан кейін полиция қызметкерлері бірден Радищев көшесіндегі тұрғын үйге бет бұрды. Тінту шарасын жүргізген олар пәтерден 0,19 грамм кептірілген марихуана анықтады.

Семей қалалық №2 сотында қаралған сот ісінде айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Сот шешімі бойынша, ол ҚР ҚК-нің 296-бабы, 2-бөлімімен кінәлі деп танылып, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.