Семейде қар шығару жұмыстарына техника жетпей жатыр

344
көрілім

Бүгінде Семей қаласында 315 мың текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі. 

Шаһар бойынша қар шығаруға 92 арнайы техника тартылған. Жеке сектордағы 30 көшеден 60 мың текше метр қар шығарылыпты.

- Осы бағыттағы жұмыстарға қалалық бюджеттегі қаражат жеткіліксіз. Облыс әкімдігі бізге мүмкіндігінше қолдау көрсетуде. Бұл орайда депутаттарды өздерінде бар техникаларды жұмылдырып, көшелердегі қарды шығаруға көмектесуге тартудамыз. Бұдан бөлек, кәсіп иелері де қалыс қалмайды деген үміттеміз, - деді қала әкімі Ермак Сәлімов.