Семейде келесі айдан бастап 1500 «Сергек» камерасы іске қосылады

767
көрілім

Семей қаласында «Сергек» жүйесі 1 қазаннан бастап іске қосылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 1 қазанда көшедегі және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «Сергек» жүйесі іске қосылады. Жол ережесін бұзған көлік жүргізушілеріне айыппұл салына бастайды.

«Семей қаласында барлығы 1551 камера жұмыс істейді. Оның 775-і жалпы бейнебақылау камерасы, 88-і тұрғын үй, мектеп  аулаларында және басқа да қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамассыз етеді. Ал қалған 776 камера қаланың жол қауіпсіздігін бақылайды», - делінген ақпаратта.

Жылдамдықты асыру, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту, жолдағы қозғалысты реттейтін жолақтарды бұзу фактілері жүйеге тіркеледі. Жол тәртібін бұзғандардың төлеген айыппұлдары қала бюджетіне құйылады.