Семейде рұқсат қағазын сатумен айналысқан әкімдік қызметкері жазаға тартылды

494
көрілім
Фотосурет today.kz сайтынан

Семей қаласында карантин кезінде рұқсат қағазын сатып пайда тапқан әкімдік қызметкері сотталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы автокөлік жүргізушілеріне 5 қызыл рұқсат қағазын сатқан. Тергеу амалдары аяқталған соң оның ісі Семей қалалық №2 сотында қаралды.

– Бас маман төтенше жағдай кезінде 25 мың теңге пара алып, автокөлік иелеріне қала ішінде жүруге арналған рұқсат қағазын заңсыз берген. Сот үкімімен айыпталушыға 1 250 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.