Семейде Тәуелсіздік күніне орай автошеру өтті

460
көрілім

Желтоқсан айының 14-і күні Семейдегі Абай арена спорт кешенінің алдында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай автошеру өтті.

Аталған шара «Nur Otan» партиясы және «Jas Otan» Жастар қанаты ШҚО филиалының және Семей қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен ұйымдастырылды.

- Шараның негізгі мақсаты Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын атап өту, сонымен қатар егемен жастардың бойында патриоттық рухты ояту. Автошеру Семей қаласының Абай арена спорт кешенінің алдында басталып, Шугаева, Гагарина, Турлыханова, Чайжунусова көшелері арқылы жалғасын тапты. Автошеруде жалпы саны 30 көлік болды, - делінген мәліметте.