Семейде төрт жасар сәби терезеден құлап кетті

504
көрілім

Үлкендердің қарауынсыз қалған сәби үшінші қабаттың терезесінен құлап кетіп, ауыр жарақат алды, – деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Семейде маусымның сегізі күні 2015 жылы туған нәресте пәтерде жалғыз қалып, үшінші қабаттағы терезеге шығып кеткен. Соның салдарынан құлап, ауыр жарақат алған, – делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте. – Ауыр халдегі сәби дереу балалар ауруханасына жеткізілді.

Осыған ұқсас оқиғалар мамыр айында Өскемен мен Курчатов қалаларында болған. Өкінішке қарай Курчатовта орын алған жағдайдан соң кішкентай нәресте шетінеп кеткен.