Семейде үйлердің қасбеттері жөнделіп, ескі ғимараттар қалпына келтірілмек

1036
көрілім

Облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының жұртшылығымен кездесу барысында  қаланың орталық көшесіне шығатын көпқабатты үйлердің қалай абаттандырылатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, биыл Семейде Шәкәрім даңғылындағы 19 көпқабатты үйдің қасбеті жаңартылады. Себебі, олар орталық көше мен теміржол вокзалын байланыстырады.
- Бұл Семей қаласының қақпасы іспеттес. Сондықтан аталған үйлерді абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Олардың қасбеттері жаңа келбетке ие болмақ. Алайда, қала тарихи құндылығы бар ерекше ғимараттарға бай екендігін ұмытпауымыз керек. Мұндай нысандарды қалпына келтірудің арнайы бағдарламасы бар. Сондықтан біз Семейдің тарихи келбетін сақтау үшін ескі үйлерді қалпына келтірумен айналысатын мамандарды жұмылдыратын боламыз, – деп хабарлады Даниал Ахметов.