Семейде жол апатынан 2 адам зардап шекті

1562
көрілім

Семей қаласында екі көлік соқтығысып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 24 қазан күні кешкі уақытта болған.

«ВАЗ» маркалы автокөлікті тізгіндеген 24 жастағы жүргізуші Дулатов көшесінде келе жатып сол жаққа бұрылған кезде «Volkswagen» көлігіне жол бермеді. Жол апаты салдарынан «Volkswagen» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы дене жарақатын алды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.