Семейдегі аспалы көпірге атау берілмек

371
көрілім

Семей қаласындағы аспалы көпірге атау қойылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Көпірге атау қойған жөн. Ол үшін әлеуметтік желілерде байқау жариялау керек. Тұрғындар өз ұсыныстарын айтсын. Негізінен басқа жерлерде біздегі сияқты үлкен көпірлердің әдемі атаулары болады, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов Семейдегі жиналыс барысында.

Аймақ басшысы өз сөзінде аспалы көпірді толық жарықтандыру мақсатында 340 млн теңге бөлінетіндігін айтты.