Семейге республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру ұсынылды

443
көрілім

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Семейге республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруді ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты аталған ұсынысты ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге жолдады.

Азат Перуашев өткен жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беріп, Түркістан қаласы облыс орталығы атанғанын еске салды.

Ол Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы заңға сәйкес республикалық маңызы бар қала мәртебесі миллион адамнан асатын немесе ерекше мемлекеттік маңызы бар қалаларға берілетіндігін атап өтті.

- Біздің ойымызша, Семей ерекше маңызды қалалардың бірі. Сондықтан біз Мемлекет басшысына Семейге республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруді ұсынамыз, - деді депутат.

Сонымен қатар Перуашев Семей ұлы Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтің, Әлихан Бөкейхановтың туған жері ғана емес, Алаш жұртының ұлттық идеологиясының бесігі екенін баса айтты.

Оның айтуынша, қаланың Ресей және Қытай шекарасына жақын орналасуы   бүкіл елдің экономикасы үшін жаңа өрлеу нүктесі болмақ.