Семейлік спортшы әлемдік рейтингіде 37-ші орынға тұрақтады

360
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Ерасыл Қажыбаев жуырда Францияда өткен «Grand Slam» турнирінен кейін өз салмағында әлемдік рейтингіде бір саты төмендеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өкініштісі сол, жерлесіміз сайыс барысында өзі әдісін соңына дейін орындай алмай, бірінші белдесуінде сан соғып қалды. Салған жерден аталмыш жарыстың болашақ чемпионы Кокоро Кагеуремен жолығып, әдіс жасау барысында қателікке бой алдырып, мерзімінен бұрын жеңіліс тапты. Ал оның алдын ораған жапон дзюдошысы финалда татами қожайыны, екі дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы Тедди Ринерден айласын асырып, топ жарған болатын.

Нәтижесінде семейлік дзюдошы кезекті турнирде жүлдесіз қалып, әлемдік рейтингіде бір саты төмендеді. Еншісінде – 1423 ұпай.

Әділхан ЕСІМХАНОВ