Семейлік тұрғын алаяққа алданып 200 000 теңгесінен айырылды

439
көрілім

51 жастағы семейлік тұрғын тәртіп сақшыларына шағымданып, алаяқтың арбауына түсіп қыруар қаржысынан айырылғанын айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, биылғы жылдың мамыр айында бейтаныс жігіт екінші деңгейлі банктің бірінен 2 000 000 теңге несие рәсімдеп беретіндігін сөз етіп, әйелді ағаш атқа мінгізген. Ол қызметі үшін алдын ала 200 000 теңге ақы алады. Алайда арада бірнеше ай өтсе де әлгі әйелдің сенімі ақталмай, полицейлерден көмек сұрауға мәжбүр болған.

– Құқыққорғау органдарының қызметкерлері қысқа мерзім ішінде күдіктінің жеке деректерін анықтады. Жасы отыздағы жігіт бұрын да бірнеше рет істі болған. Кінәсін мойындаған ол алған ақшаны жұмсап үлгерген. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.