Шетелде оқиды

676
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының 9-cынып оқушылары «IQanat Білім беру қорының» ұйымдастыруымен Астанада өткен олимпиадада шетелдік жоғарғы оқу орындарының гранттарын ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олимпиада қорытындысы бойынша 4 оқушы шетелдік жоғарғы оқу орындарының грантына ие болды.

– Олимпиада жеңімпаздарына арнайы бағдарлама жасалды. Бағдарлама аясында мектеп оқушылары елордадағы ұлттық мұражайға саяхат жасап, Еуразия ұлттық университеті және Қазақ гуманитарлық заң университетімен танысты, - дейді Үржар аудандық білім бөлімінің басшысы Сәуле Жүнісова.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ