ШҚО білім ордаларына математика, физика, ағылшын тілі пәндері мұғалімдері жеткіліксіз

274
көрілім

Мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру орындарында аталған пән мұғалімдері мамандары тапшы. Облыс мектептеріне жаңа оқу жылында 237 жас маман қабылданып, жалпы мұғалім саны 22 526 педагогты құрады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Жазғы демалыс аяқталып, оқу маусымы басталуға жақын. Осыған орай білім ордалары мен білім басқармасы оқу мекемелерінің кадрларын толықтыруда. Алайда бірнеше пәндер бойынша педагогтарға үлкен сұраныс бар.
– Қазіргі уақытта математика, физика, ағылшын пәні мұғалімі сияқты мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Облыста 655 мектеп пен 86 колледж жұмыс істеуде. Осыған орай біліктілігі мен мамандығы сәйкес келетін мұғалімдер аса қажет, – деді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
Айта кетейік, осы сияқты техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне тапсыратын болашақ ветеринарлар, құрылысшылар, механиктер мен электриктер де аз.
Бүгінгі таңда колледждерде 35 мыңнан астам студент білім алуда.
Данияр ЗАЙНЕЛОВ