ШҚО дзюдошылары Австрияда әзірліктерін пысықтауда

256
көрілім
Фото elarna.net сайтынан

Ұлттық құрама мүшелері бұл күндері Австрияның Миттерзиль қаласында кезекті аламанға дайындықтарын пысықтауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 2020 жылдың алғашқы ауқымды сайысы Израильде басталады. Нақтырақ айтсақ, Тель-Авив шаһарында жалауын көтеретін Гран-При додасы қаңтар айының 23-25 аралығында өтеді. Осы орайда еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы тыңғылықты әзірліктерін Австрияда өткізуде. Бұл жерде жерлестерімізден Анна Казюлина (52 келі), Зере Бектасқызы (70 келі), Назерке Тілеуханова (78 келі), ерлерден Ерлан Серікжанов (66 келі), Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) сынды жерлестеріміз шеберліктерін шыңдауда.

Әділхан ЕСІМХАНОВ