ШҚО әкімі әрбір пәтер иелерінің кооперативімен арыз-шағымдар бойынша жұмыс істеуді ұсынды

233
көрілім

Өңір басшысы Ермек Көшербаев бұл шағымдардан жергілікті әкімдіктердің хабарсыз екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қалалық әкімдікте өткен жиында облыс әкімі басқарма қызметкерлеріне ПИК жұмысына қатысты арыз-шағымдардың көптеп түскенін мәлімдеді. 

- Бір өкініштісі, жергілікті атқарушы органдар мен өзін-өзі басқару органдары кейде халықтың не нәрсеге шағым түсіріп, қаңдай сұрақтарды көтеріп жатқанын біле бермейді. Тұрғындардан келіп түсетін өтініштерді толық қанағаттандырмайды. Мұндайға жол беруге болмайды, - деді облыс әкімі.

Ол әр ПИК-тің жұмысымен жеке айналысуға шақырды.