ШҚО мұғалімдеріне тиесілі қосымша ақы төленетін болды

360
көрілім

 ШҚО прокуратурасының араласуынан кейін мұғалімдерге тиісті қаржы төленетін болып шешілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО прокуратурасы мектеп қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуына тексеру жүргізген. Нәтижесінде 6,5 мың мұғалімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс үшін қосымша ақы төленбегенін анықтады.  

- Базалық еңбекақыға 40% қосымша төлем ақшасын мұғалімдер екі жыл бойы алмаған. 2017-2018 жылдары аралығында берешек 87 млн.теңгеден асып кеткен, - деп хабарлады облыстық Прокуратура баспасөз қызметі.

Қадағалау актісі бойынша қызметкерлерге бүгінгі күнде 14 млн. теңгеден астам қаражат төленген.