ШҚО облыстық Мұражайында Бағдат Есдәулетованың «Шәкәрімнің үш ақиқаты – бақытқа апаратын үш баспалдақ» атты кітабының тұсаукесері өтті

402
көрілім

ШҚО облыстық Мұражайында Бағдат Есдәулетованың «Шәкәрімнің үш ақиқаты – бақытқа апаратын үш баспалдақ» атты кітабының тұсаукесері өтті. Автордың өз сөзінше, кітаптың мақсаты – салт-дәстүрді, мәдени және рухани негіздерді жандандыру. Бағдат Оразбайқызы философ Шәкәрім Құдайбердиевтің адамзатты тәрбиелеу мағынасы туралы ойын күрделі терминологиясыз жалғастырады. Бұл кітаптың оқырмандардың кең тобына қол жетімді болуына мүмкіндік береді.

Өнерсүйгіштер Бағдар Есдәулетованы дарынды композитор ретінде таниды. Ол түрлі тақырыптағы 60 әннің авторы. Өзінің жеке жинағын шығарған, оның ішіндегі көптеген шығармалар Қазақстан композиторларының «Жастық шақ әуендері» атты 2-ші әндер жинағына кірген болатын.

Шығармашылық кездесуде ол көрермендеріне жазушылық қырынан да танылды.

— Адамға өмірде барлығы жайдан жай берілмейді, — дейді Бағдат Оразбайқызы, — Менің Шәкәрімге де, Абайға да қызығушылығым бар еді. Шәкәрім Құдабердиевтің өмірі мен шығармашылығын зерттеу үшін бес жыл қажет болды, тек содан кейін ғана кітап жазылды.

«Шәкәрімнің үш ақиқаты – бақытқа апаратын үш баспалдақ» — автордың адамдарды өз санасын, жанын Ұстаздың ойына және оның адам бақыты туралы тұжырымына ортақтаса отырып, үндестіруге шақыру болып табылады. Бақыт күйі әлеммен, табиғатпен, өз-өзімен үндесудегі жетістік ретінде түсініледі. Кітапта тек негізгі философиялық сұрақтар ғана емес, тәжірибелік кеңестер де бар.