ШҚО оқушылары Абай шығармашылығына арналған квестке қатысты.

194
көрілім

Абай күніне орай жалпы орта білім беретін мектептердің 9-сынып оқушылары «Абай шығармашылығының қыры мен сыры» атты онлайн сабаққа қатысты. шара барысында қазақтың бас ақыны Абайдың ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі ашып көрсетілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұдан бөлек, онлайн сабаққа қатысушыларға хакімнің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты таныстырылды.

– Дәрістен соң балалар ұлы ақынның шығармашылығына байланысты сұрақтардан құралған квестке қатысып, білімдерін шыңдады. Оқушылар квестегі сауалдарға үш тілде жауап берді. Сондай-ақ олар Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған жаңа кітаппен танысты. Шара соңында мектеп оқушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, болашақта онлайн дәрістен алған білімдерін молайта түсетіндіктеріне сендірді, – деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.