ШҚО Оңтүстік Кореямен ынтымақтастығын одан әрі арттыруда

357
көрілім

Өскемен қаласында оңтүстіккореялық серіктестермен екі күнге жоспарланған форум бастау алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО Оңтүстік Кореяның Конвондо провинциясымен 2011 жылдан бастап бірқатар келісімшарттарға қол қойған еді. Сол уақыттан бері Өскемен және Каннын қалалары арасында бауырластық байланыс орнады.
Бірнеше жыл арасында екіара сыртқы саудасында үлкен серпіліс бар. Бұл ретте әсіресе денсаулық, мәдениет, туризм салаларына көп көңіл бөлінуде. Этникалық жағынан да туыстық қатынас тапқан елдер тарихи тамырластық та іздестіруде. Соның дәлелі ретінде қазақстандық және кореялық археологтар мен тарихшылар бірқатар зерттеу жұмыстарын жасауда.
Бұған қоса облыста мәдени бауырластыққа ерекше назар аударылады. Аймақта корей ұлттары мүше 13 достық үйі мен 117 арнайы орталық бар.
- Каннын қаласы мен Конвондо провинциясы Шығыс өңіріне табиғи-ландшафттық, экономикалық, инфрақұрылымдық қырларынан өте ұқсас. Осы себептен бауырлас қала деп айта аламыз. Әсіресе білім мен туризм, денсаулық саласында әлі де жемісті жұмыстар атқарамыз деп сенеміз, - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Серік Жеңісов.

Айта кетейік, аталған форум 23-24 тамыз күндері жалғасын тауып, бірнеше ресми кездесулер ұйымдастырылмақ.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ