ШҚО палуандары оқу-жаттығу жиынын Ресейдің Владикавказ қаласында өткізді

369
көрілім

Еліміздің жастар құрамасы сапында түрлі халықаралық додаларда абыроймен өнер көрсетіп жүрген жерлестеріміз кезекті оқу-жаттығу жиынына қатысып қайтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Еркін күрестен облыстың бас бапкері Асқар Мұқашов жаттықтыратын палуандарымыз Өскеменде өткен 23 жасқа дейінгі ел чемпионатынан кейін әзірліктерін Ресейде жалғастырған еді. Атап айтсақ, көкпектілік Шыңғыс Мұхаметқалиев (74келі), катонқарағайлық Досжан Әсетов (70 келі), риддерлік Айдос Жылқайдаров (70 келі), тарбағатайлық Олжас Олжақанов (65 келі) сынды спортшыларымыз Солтүстік Осетияның орталығы Владикавказ қаласында екі аптадай жаттығуларын жалғастырды.

Асқар Мұқашов

Жерлестеріміз ол жақта жергілікті палуандармен тәжірибе алмасып, алдағы дүбірлі додалар алдында шеберліктерін шыңдап  қайтты.
Әділхан ЕСІМХАНОВ