ШҚО полицейлері 3 500 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

297
көрілім

Қоғамдық тәртіп сақтап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында өңір тәртіп сақшылары күшейтілген қызмет көрсетуге көшті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қаңтар айының 15-нде басталған шара барысында 7 күн ішінде заңсыз сақталған 11 атыс қаруы тәркіленді.

3 652 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:

ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы) - 832 бұзушылық, оның 823-іне айыппұл салынып, 9-ы әкімшілік қамауға алынды.

- ішімдік ішкені немесе қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін (ӘҚБтК – нің 440-бабы) - 1 064 құқық бұзушылық, оның ішінде 986-ы айыппұл төлеп, 78-і әкімшілік қамауға алынды.

- тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 1 148 құқық бұзушылық анықталды, оның 185-іне айыппұл салынса, 963-іне ескерту берілді.

5 556 тексеру жүргізілді. Оның ішінде 1 172 қараусыз қалған үй және 3 942 саяжай үйі, сондай-ақ жалға берілетін 1 484 пәтер тексерілді.

Көші-қон қызметі бағыты бойынша 107 құқық бұзушылық анықталды, 517 - бап (Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасын бұзуы» - 65, 518-б. «шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы) - 42.

ШҚО Полиция департаменті азаматтарды жедел-профилактикалық іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды ұсынуға шақырады.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы ерекше өкімге дейін жалғасады.