ШҚО полицейлері рейдке шықты

149
көрілім
ашық дереккөзден

26 наурызда «Түнгі қаладағы балалар», «Тұрмыс» және «Борышкер» жедел-алдын алу шаралары басталды, деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі.

Өскемен қалалық ПБ хабарлағандай, бүгін облыс орталығында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу шарасы басталды. Ол 30 наурызға дейін жалғасады. Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу және балалар еңбегін пайдалану фактілерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу.

- Бүгін қалада «Тұрмыс» жедел-алдын алу шарасы да басталды. Шара 29 наурызға дейін жалғасады. Ол отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған, - делінген ақпаратта.

Бұған қоса 26-28 наурыз аралығында Өскеменде  "Борышкер" шарасы өтуде. Осы кезеңде полицейлер борышкерлерді анықтау және оларға айыппұл салу арқылы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізеді.