ШҚО шекарашылары үш қап сирек кездесетін өсімдіктерді терген ер адамды ұстады

1239
көрілім

Зайсан аудандық полиция бөлімінің сақшылары сирек кездесетін және жойылудың алдында тұрған өсімдіктерді жинау бойынша тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Зайсан аймағындағы шекара жасағы Сауыр тауларында 1982 жылы дүниеге келген ҚР азаматын ұстады. Жанында өсімдіктер мен оның тамырларын салған үш қап болған. Болжам бойынша қызғылт семізот (алтын тамыр) өсімдігі, – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.