ШҚО таулы жерлерінде 29 наурызға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар

92
көрілім
ашық дереккөзден

«Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының ақпараты бойынша қар жамылғысының тұрақсыздығына  байланысты 26-29 наурыз аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар деп хабарлайды  Buqara.kz  сайтының тілшісі.


ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуды ұсынады.  Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда - тоқтамаңыз, бірақ қауіпті аймақтан тез шығыңыз. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса –ұялы телефонынан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір «112-ге» хабарласыңыз.