ШҚО тұрақтандыру қорына 6 мың тоннаға жуық көкөніс өнімдері алынады

369
көрілім

Өңірлік тұрақтандыру қорының көкөніс қоймаларына 2400 тонна картоп, 1300 тонна қырыққабат, 800 тонна сәбіз және 1200 тонна пияз сақтау жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тұрақтандыру қоры өнімдерді қарашаның бірінші онкүндігінен бастап келер жылдың мамыр айына дейін саудасын жалғастырмақ.

Жеміс-көкөніс өнімдері қазан айының соңына қарай толық көлемде жеткізіледі. Жалпы, жыл басында Түркістан облысынан 95 тонна қырыққабат пен 2 200 тонна бірінші сұрыпты ұн сатып алынды. Соңғысы әлеуметтік нан өндірушілерге үстемесіз саудалануда. Бүгінде бұл ұнның 34,7%-ы сатылды. Қорда әлі 1436,0 тоннасы бар.

Әлеуметтік сөрелерде сондай-ақ, 3% үстемемен 185 теңгеден 100 тонна макарон өнімдері сатылып жатыр. Қазіргі уақытта 67%-дан астамы саудаланды, оның ішінде Өскемен бойынша – 52,28 тонна, Семей бойынша – 14,68 тонна. Сонымен қатар, тұрақтандыру қорындағы 408 тонна күріштің 157,0 тоннасы 255 теңгеден сатылып жатыр. Ішкі нарықты тұрақтандыру үшін "Восток Сахар" және "Ақ сұңқар" ЖШС қоймаларына өткен жылдың басында 680 тонна қант орналастырылды. Оның 639 тоннасы сатылып, қорда 40 тоннадан астам қант қалды.

Биыл өңірлік комиссия қарақұмық жармасын сатып алу көлемін 100 тоннаға арттыру туралы шешім қабылдады. Себебі, өткен жылы сатып алынған өнімнің барлығы толығымен сатылып кетті.