ШҚО ТЖД-қызметкерлері ұлттық тағам дайындау челленджін өткізді

322
көрілім
Фото сурет ШҚО ТЖД

Наурыз мейрамы аясында облыстың өрт сөндірушілері мен құтқарушылары ұлттық тағамдар челленджін өткізді деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық тағамдар - бұл ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр, оны бабаларымыз, көздің қарашығындай сақтай отырып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білді. Наурыз мейрамы қарсаңында ТЖД қызметкерлері қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау бойынша челлендж ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты - ұлттық аспаздық дәстүрлерді насихаттау және сақтау, - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Айдын Мұстафин.

Ата-бабадан қалған тарихи тағамдармен  дастарханды безендірген заманауи дәм түрлерін ұштастыру жаңаша серпін бергені рас. Дәстүрлі бешбармақ, шелпек, қымыз, наурыз көжемен қоса дастарханға бауырсақтар қойылды.

 

Бүгінгі өткізілген челлендж біздің тарихымыздың бастауларына оралуға, тек тамақ дайындауда ғана емес, ұлттық бірегейлікті көрсетуге мүмкіндік берді.