ШҚО-да 23-29 қаңтар аралығында жатыр мойны обырынан хабардар болу апталығы басталады

910
көрілім

Жатыр мойны обырының алдын алу үшін 30 жастан 70 жасқа дейінгі әрбір әйел онкогинекологтың қарауынан өтуі керек.
Бұл іс-шара Дүниежүзілік жатыр мойны обырын хабардар ету апталығы аясында жоспарланған.

23-29 қаңтар аралығында облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында жатыр мойны ауруларының алдын алуға және ерте диагностикалауға назар аударуға арналған іс-шаралар өтеді.
Атап айтқанда, ақпараттық науқан  жатыр мойны скринингі, адам папиллома вирусына (HPV) қарсы вакцинациялау, цитологиялық скрининг, жатыр мойны обырының факторлары мен белгілері туралы ақпараттануды арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, 28 қаңтарда облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің базасында ұйымдастырылатын ашық есік күні аясында барлық жастағы әйелдер тегін гинекологиялық тексеруден өте алады. Егер тексерілушілерде ары қарай зерттеу жүргізуге көрсетілімдер болса, төмендегідей диагностикалық қызметтер тегін жүргізіледі: жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық және МРТ зерттеуі, цитологиялық зерттеу (ПАП-тест-атипті жасушалардың бар-жоғын тексеру үшін жатыр мойнынан жағынды алу), гинеколог-онкологтан кеңес алу.

Ашық есік күнін өткізу туралы толығырақ қосымша хабарлаймыз. Біздің жаңалықтарымызды онкологиялық орталықтың ресми аккаунттарынан қараңыз.