ШҚО-да 54 адам коронавирус жұқтырды

542
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 54 адам анықталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Науқастардың ішінде 33 адам Семей қаласынан, 13 адам Өскемен қаласынан, Риддер, Курчатов қалаларында 1 адамнан, Бесқарағай, Зайсан аудандарында 2 адамнан, Бородулиха, Глубокое аудандарында 1 адамнан.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 9 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 43 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 2 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда. Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 609 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 184.